Онлайн өтінім қалдырыңыз , біз сізге өзіміз хабарласамыз

«KHANAKA» қонақ үйі Түркістанның орталығында, Тарихи-Этнографиялық Мұражайдың жанында орналасқан, қонақ үйдің терезелерінен Қожа Ахмет Ясауи Кесенесі көрінеді. Қонақ үйдің жанында қаланың негізгі жолдары мен көптеген көлік жол айырықтары өтіп жатыр. 

Байланыс ақпараты

«KHANAKA» қонақ үйі

+7 (778) 71 59 1 59
+7 (72533) 59 1 59

khanakahotel01@gmail.com

ҚР, ОҚО, Түркістан қ., Байбұрт көшесі 3А.

Түркістан жайлы

Түркістан – Оңтүстік Қазақстанның ежелгі орталығы, ортағасырларда қала Қазақ Хандығының астанасы болған. Ұлы Жібек Жолы өтіп жатқан жерде, алып қазақ даласының қиыр шетінде хандардың таққа отыру салтанаты өткізілген. Қаланың әр тасының бай рухани тарихы бар, және әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристтер сәулет туындыларын өз көздерімен көріп, терең мәнісі бар, ата-бабалардың жадын, күші мен қабілетін сақтап қалған аңыз-әңгімелермен танысуға тырысады.

Мұнда бас сәулет ескерткіші, ортағасыр сәулетінің үздік жауһары – тас тақтайлардағы нақышты жабынқыш өрнегі бар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан. Тарих пен мәдениет ескерткіштерінің бүкіл әлемге танымал кешендерін жинаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұрасының тізіміне енгізілген. Парсы шеберлері мұнда қыш жылтырының үлкен өнерін әкелді. Кесене Орта Азияның ұлы ағартушысы Қожа Ахмет Ясауиға арнап Әмір Темірдің бұйрығы бойынша тұрғызылған, Орталық Азиядағы ең биік ежелгі кесенелердің бірі болып саналады.       

Ежелгі заманда қырық метрлік бас күмбез даладағы салт аттыларға жол көрсеткен. Ұлы Темір әдемі сәулет құрылыстарын құрмет белгісі ретінде ғана емес, қалаға келген дұшпандар оны қиратпай, оның әдемілігіне тәнті болуы үшін салған екен. Көптеген сәулет ескерткіштері қиратылды, бірақ олар осы күнге дейін тарихи-мәдени қорық – Отырар жазирасының құрамында сақталды.

Түркістан мен Оңтүстік Қазақстанның негізгі көрнекі жерлері: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстанбаб кесенесі, Гауһар Ана кесенесі, Шахан Ата кесенесі, Ұқаш Ата кесенесі, Домалақ Ана кесенесі, Қарабура, Ақбура, ежелгі Сауран қаласының көркем үйінділері.

Бірақ бәрінен бұрын сізді адамдардың, Түркістан тұрғындарының жаны таң қалдырады – олар өте мейірімді және ақжарқын, бұл ғажайып қалада басқаша болуы мүмкін де емес.