Онлайн өтінім қалдырыңыз , біз сізге өзіміз хабарласамыз

Түрік хамамы

«KHANAKA» мейманханасы өз қонақтарына сауықтыру кешеніне баруды ұсынады. Сіздің таңдауыңызға түрік хамамы мен фин моншасын, сондай-ақ белсенді өмір салтын ұнататындарға жаттығу залын ұсынамыз. 

Түрік хамамы денсаулыққа өте пайдалы, денеден уыт пен шлактарды шығаруға көмектеседі. Ауаның айрықша күйі, жеткілікті ылғалдылық сізге тынығуға және күш жинауға, босаңсып, қуат алуға көмектеседі. Хамамға түсу жүйке жүйесіне оң ықпал етеді, терінің күйін жақсартады және тіпті салмақ тастауға көмектеседі. «Хам» сөзі араб тілінен ыстық деген мағынаны білдіреді. Моншаның құрылысы бірнеше жайлардан құралған, олардан өтетін адам ауа температурасы 30 градусты құрайтын жайдан 55 градустық жайға біртіндеп көшеді. Бұл жоғары температураға шыдай алмайтындар үшін өте ыңғайлы.